Тоқаев Канаданың жаңа Генерал-губернаторына құттықтау жеделхатын жолдады

10 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Тоқаев Канаданың жаңа Генерал-губернаторына құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір.