Шымкенттегі алапат өрттен 10 адам медициналық көмекке жүгінген
19 тамыз, 2024
фото: ТЖМ
Шымкенттегі индустриялық аумағында газ күкірті тұтанып, өрт шықты. Алапат өрт кезінде күйік және улану белгілері бар 10 адам (1 күйік, 9 улану) медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуін күйік шалса, қалғанын уланған, деп хабарлады Elorda.info.
Дәрігерлер тексеруінен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды. Қалған 8 адам жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне қайтарылды.
Полиция қызметкерлері ықтимал зақымдану аймағына қоршау жүргізді. Өрт орнынан СЭС қызметкерлері сынама алды, оның ресми қорытындысы күтілуде.
Жақын маңдағы тұрғын үйлерден (барлығы 412 үй, 2472 адам тұрады) эвакуация пунктіне 443 адам эвакуацияланды, оның ішінде 233 бала. Сағат 23:20-да олардың барлығы үйлеріне және туыстарына кетті.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді