Шығыс Қазақстанда алаяқтық жолмен 20 млн теңге жымқырған тұрғын сотталды

Бүгін, 13:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шығыс Қазақстанда алаяқтық жолмен 20 млн теңге жымқырған тұрғын сотталды
Фото: Magnific.соm

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны «Travel the world» туристік фирмасын ашып, әлеуметтік желілерде БАӘ, Мысыр және Түркияға ерте брондау бағдарламасы бойынша тиімді бағамен туристік жолдамалар сатылатынын жарнамалаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол 13 жәбірленушіден жалпы 20 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденген.

Сот оны аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, бастапқыда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Апелляциялық сот кезеңінде «Рақымшылық жасау туралы» заң қолданылып, жазасы 4 жылға қысқартылған еді.

Кейін прокурордың кассациялық наразылығы бойынша апелляциялық сатының шешімі өзгертілді: жазасы қайта 5 жылға арттырылды.

Мамандар азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдамалар сатып алу кезінде абай болуға кеңес берді.

Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді.