07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Соңғы аялдама»: «Жастар» театры көрерменге әлеуметтік трагедия жанрындағы қойылымды ұсынды

|
Photo: Әмір Теміржан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Соңғы аялдама»: «Жастар» театры көрерменге әлеуметтік трагедия жанрындағы қойылымды ұсынды

|
Photo: Әмір Теміржан

Астана қаласы «Жастар» театрында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Соңғы аялдама» әлеуметтік трагедия жанрындағы қойылымы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қойылымда бүгінгі қоғамды алаңдатқан өзекті мәселе – есірткіге тәуелділік тақырыбы қозғалады. Әлеуметтік трагедияда көрерменге нашақорлықтың адамзат баласына залалы, оның жеке тағдырларға тигізетін қайғы-қасіреті көрсетілген. 
Есірткіге тәуелділік мәселесін көтеретін бұл қойылым Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» пьесасының желісімен сахналанды. 

«Драмаға әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті – нашақорлық тақырыбы арқау болды. Иә, тағдыр тәлкегіне түсу әп-сәтте екен. Ғасырымыздың бүгінгі дерті – нашақорлық, адамзат тарихындағы қасіреттерді көбейтуші, зұлымдықтарды тудырушы апиын екенін білсе де, оң-солын тани алмаған жас өскін неге адасты? Дұрысы, оны адастырған кім? Өмірін тас-талқан еткен жауыздардың жазасын кім береді? Кінәліні кім табады? Өмірдің өзекті мәселелеріне жауап іздейтін шығарманың өскелең жас ұрпақ санасына ой салуда, оларды шырмауықтай шырмап алар ғасыр індетінен арашалап қалуда һәм адасудан сақтауда айтары мол», - деді театр қызметкері.

Қойылымды қазіргі заманға бейімдеп, бүгінгі жастардың тілімен қайта жандандырған қоюшы режиссері, Мәдениет саласының үздігі Нұрфат Вахитовтың айтуынша, «Соңғы аялдама» – өскелең ұрпақтың бойында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға, адами құндылықтарды дәріптеуге және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған қойылым.

Оның айтуынша, қойылым мәтініне жастар жиі қолданатын сөздер енгізілген. Осы арқылы қойылым жас көрерменнің өміріне жақындатылып, олардың ішкі әлеміне әсер етуге тырысқан.

Көрерменнің бірі Эльмира Мизамитова қойылымнан ерекше әсер алғанын айтады.

«Негізі ауыр тақырып қозғалды. Бірақ әртістердің рөлдерін шынайы сомдауы, мәселені жеткізуі әсерлі болды. Репертуарлардың арасында осындай өмірден алынған тақырыптардағы қойылымдардың да болғаны дұрыс сияқты», - деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗