«Соғым-FEST»: Астанада фермерлер қолжетімді бағамен ет сатады

18 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Соғым-FEST»: Астанада фермерлер қолжетімді бағамен ет сатады
Астана қаласы әкімдігі

Астанада 20-21 желтоқсан күндері ет өнімдеріне арналған «Соғым-FEST» жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жәрмеңке Keruen Joly СО автотұрағында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Бұл күні сауда орталығында қала тұрғындары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне де қатыса алады.

Тұрғындар мен қонақтар жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әр өңірінен келген өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады: көкөніс пен жеміс, ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері, бәліштер, табиғи шырындар және тағы басқа тауарлар қолжетімді бағада ұсынылады.

Жәрмеңке әр демалыс күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкеге мына автобустар қатынайды: №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанадағы ет жәрмеңкесіне 5 облыстың шаруалары соғым әкелетіні туралы хабарладық.