07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұшақ апаты: Оттегі баллоны жарылғанын Ростов ұшу жетекшісі хабарлаған

|
Photo: Фото: ТЖМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұшақ апаты: Оттегі баллоны жарылғанын Ростов ұшу жетекшісі хабарлаған

|
Photo: Фото: ТЖМ

ҚР Көлік министрлігі AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімдемені нақтылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10:53-те түскен хабарламаға сәйкес, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Министрліктің мәлімдеуінше, осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызметтер шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындыққа келтірілген.

«Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифинг барысында жарияланды», - делінген хабарламада.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗