Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды

6 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды
фото: видеодан скриншот/polisia.kz

Полиция Семейде тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнекамера мен домофонды сындырған ер адамның жеке басын жедел анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ өкілдерінің мәліметінше, ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткі заттарын қолданғаны расталған.

Ер адам мүлікті қасақана бүлдіргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және есірткі заттарын медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады, - делінген хабарламада. 

Домофон мен бейнебақылау камералары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған. Мұндай ортақ мүлікке зиян келтірген адам міндетті түрде заң алдында жауап береді.