05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сарыарқа ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

|
Photo: фото: Сарыарқа аудан әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сарыарқа ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

|
Photo: фото: Сарыарқа аудан әкімдігі

Елордада «Агрогородок» тұрғын алабы, Юбилейная көшесі, 22 мекенжайында жалпы аумағы 3500 м²-ден асатын жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, кеңістікті абаттандыру аясында әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары абаттандырылды. Тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, қоқыс жәшіктері және беседкалар жайластырылды. Ал спорт сүйер қауымға workout-аймақтар жасақталды.

Қауіпсіз және жайлы кешкі уақытты өткізуге 27 жарықтандыру бағанасы орнатылған. Көгалдандыруға ерекше назар аударылып, 6 метрлік тірі шырша және 110-нан астам жасыл желек отырғызылды. Олар үшін суару жүйесі де орнатылған.

«Бұл жаңа қоғамдық кеңістік – қараусыз қалған аумақтарды тұрғындар игілігі үшін абаттандырылған аймаққа айналдырудың жарқын мысалы»,- деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗