«Құралайдың салқыны» қашан: елімізде киіктер төлдей бастады
15 мамыр, 2025
Фото: freepik
Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
«Мамыр айының басында Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларының мекендеу аумақтарында киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Осы кезеңде «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары төлдеу жаппай жүріп жатқан жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды», – делінген комитет хабарламасында.
Ресми дерек бойынша, әлемдегі киіктердің 98 пайыздан астамы Қазақстанда мекендейді.
Болжам бойынша, киіктердің төлдеу кезеңі мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетейік, қазақ халқы киік төлдейтін кезеңде болатын қоңыр салқын күндерді «Құралайдың салқыны» деп атайды.
Ұқсас жаңалықтар
17 қыркүйек, 2026
Биыл ғарыштық мониторинг арқылы елімізде 2,6 мың заңсыз қалдық төгілген орын анықталды
16 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Корея орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
16 қыркүйек, 2026
Бір батарейка 400 литр суды ластауы мүмкін бе
15 қыркүйек, 2026
Күзде орманды жаңғыртқан маралдың дауысы нені білдіреді