Қызылордада зиянды жұмыстағы 444 медицина қызметкеріне зертханалық тексеруден ақылы өту талап етілген

Бүгін, 16:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қызылордада зиянды жұмыстағы 444 медицина қызметкеріне зертханалық тексеруден ақылы өту талап етілген

Байқоңыр қаласындағы жергілікті аурухананың ұжымдық шартында заң талаптарына қайшы келетін нормалар анықталды. Онда міндетті медициналық және зертханалық тексерулерді қызметкерлердің өз қаражаты есебінен өтуі көзделген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Бұл жағдай зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне заңда көзделген кепілдіктерге қарамастан қосымша қаржылық жүктеме түсірген.
 
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде ұжымдық шартқа өзгерістер енгізіліп, міндетті медициналық қарап-тексерулерді жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізу тәртібі белгіленді.
 
Осылайша, 444 медицина қызметкерінің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, еңбек заңнамасының талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Еске салайық, бұдан бұрын елімізде 22 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалғаны туралы жаздық.