Қытайдың ұлттық рейтинг агенттігі Қазақстанға ең жоғары тәуелсіз кредиттік рейтинг берді
Қазақстанның мемлекеттік борыштық құралдарын ҚХР нарығына орналастыру шеңберінде Қытай ұлттық рейтингтік агенттігі China Lianhe Credit Rating Co., Ltd елімізге және мемлекеттік облигацияларға «ААА» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Агенттік Қазақстанның макроэкономикалық саясаты орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, инфляцияны төмендетуге және экономиканы әртараптандыруға бағытталғанын атап өтті.
Елдің прогрессивті реформаларының арқасында мемлекеттік басқару тиімділігі артып келеді.
Негізгі бағытың ішінде жаңа инвестициялық саясат, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, ШОБ-ты нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұрылымды дамыту атап өтілді.
Аналитиктер де мемлекеттік борыштың салыстырмалы түрде төмен деңгейіне және сыртқы борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігіне баса назар аударады.
«ААА» рейтингі елдің өзінің қаржылық міндеттемесін орындау қабілеттілігі мен қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайға жоғары тұрақтылығын көрсетеді.
Еске сала кетсек, Астанада «KAZLEASING – 2026» конференциясында лизинг нарығының жаңа мүмкіндіктері талқыланды.