10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті

|
Photo: Nomad ұлттық аңшылық клубы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті

|
Photo: Nomad ұлттық аңшылық клубы

«Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті. Іс-шараны «Қазақстан кинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды., деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Далалық сынақтар көрмелермен қатар селекциялық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады, себебі олар иттің аңшылық қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Тазының аңшылық шеберлігі ата-бабаларымыз үшін басты сұрыптау өлшемі болғаны мәлім.

Ұйымдастырылған сынақтар барысында иттердің жылдамдығы, маневрлік қабілеті, төзімділігі, ақылы мен қуу шеберлігі бағаланды. Нәтижелер иттердің жоғары дайындық деңгейін растады.

Іс-шара барлық қауіпсіздік талаптары мен аңшылық ережелеріне сай өтті. Сынақтарға еліміздің әр өңірінен 20 қазақы тазы қатысты. Төрешілік міндетін тәжірибелі мамандар, сарапшылар мен тазы баптаушылар атқарды. Олар Алматы, Ақтөбе, Абай, Павлодар, Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан келді.

Nomad ұлттық аңшылық клубы қазақ тазысының далалық сынақтарындағы жеңісі туралы мәлімдеді.

«Nomad клубы «Қазақстан кинологтар одағы» РҚБ ұйымдастырған алғашқы далалық сынақтарға қатысты. Клубымыздың бастамасын қолдағаны үшін Қазақстан кинологтар одағына алғыс білдіреміз. Естеріңізге сала кетейік, дәл Nomad клубы алғаш рет Қазақстанда тазының далалық сынақтарын 2010, 2011 және 2013 жылдары өткізген болатын. Біз үшін бұл тек жеңіс емес — бұл Қазақстанның ұлттық мұрасын сақтау мен дамытуға қосқан үлесіміз», - делінген Nomad клубының мәлімдемесінде.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орын — Nomad клубы, Шағала

2-орын — Nomad клубы, Сылан

3-орын — Смағұлов М., Volya

«Бұл нәтижелер ұлттық аңшылық дәстүріне деген құрмет пен қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті», - деп атап өтті Nomad клубының өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗