Референдум-2026

Қазақстандық ватерполшылар Уругвай қақпасына 22 гол соқты

Бүгін, 11:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық ватерполшылар Уругвай қақпасына 22 гол соқты
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды. Айта кетейік, бүгін ел құрамасы Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.