Референдум-2026

Қазақстандық теннисші жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: ҰОК

Таиланд астанасы Бангкокта үстел теннисінен өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев U19 жас санатындағы жарыстың ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 1/8 финалда қытайлық Тайбэй өкілі Чэн Минсюйді 4:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Енді Алан Құрманғалиев жартылай финал жолдамасы үшін Қытай спортшысы Ли Хэчэньмен кездеседі.

Бұған дейін Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының ресми тұмарына байқау жарияланғанын жазғанбыз.