Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
1 ақпан, 2026
Фото: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.
А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
Еске салайық, бұған дейін Президент Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі жеңісімен құттықтаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді