Қазақстандық балуан Азияның екі дүркін чемпионы атанды

Бүгін, 10:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық балуан Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Фото: uww.org

Қазақстан құрамасы күрестен Въетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінің балуандары бозкілемге шықты.

70 келіге дейінгі салмақта Майис Алиев алтын медаль жеңіп алды.

Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. 

Осылайша, ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.

Еске сала кетейік, астаналық спортшы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.