05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда қанша құлан бар

|
Photo: nationalgeographic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда қанша құлан бар

|
Photo: nationalgeographic.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздегі құландар саны қанша екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандағы құланды қайта жерсіндірудің тарихы тереңде жатыр және оған 70 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар еліміздің аумағынан толықтай жойылып кетті. 1953 жылы Түрікменстандағы қорықтан Барсакелмеске жеті құлан әкелініп, түрді табиғатқа қайта қайтару жөніндегі жүйелі жұмыстың бастамасы болды.

Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде Қазақстанда құлан популяциясы қалпына келтірілді.

«Бүгінде олардың саны елімізде 4,6 мыңнан асады және олар Қазақстанның дала және шөлейт экожүйелерінде кеңінен таралуда», – деді Данияр Тұрғамбаев.

2024 жылы 42 құлан «Іле-Балқаш» резерватына және 24 құлан Қостанай облысындағы «Алтын дала» резерватына көшірілді. Биыл тағы 17 құлан «Іле-Балқашқа», ал 19 құлан «Алтын далаға» жеткізілді. Бұл шаралар жергілікті популяциялардың тұрақтылығын арттыруға және бұрын жойылып кеткен аймақтардағы табиғи байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗