Референдум-2026

Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн - Respublica партиясы

Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн - Respublica партиясы
Фото: Ақорда

Respublica партиясы бүгін – Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2026 жылдың 1 шілдесі – Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн.

Бүгін жаңа Конституциямыз күшіне еніп, ел дамуының жаңа белесін бастайды.

Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры, халқымыздың бірлігі мен татулығының, азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының басты кепілі.

Ата Заңда айқындалған асыл қағидалар өмірде өз көрінісін тауып, Әділетті, қуатты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құруға жол ашсын!», делінген хабарламада.