Референдум-2026

Qazaqstan телеарнасында саяси партиялар арасында ұлттық теледебат өтеді

Бүгін, 08:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Qazaqstan телеарнасында саяси партиялар арасында ұлттық теледебат өтеді
Фото: Qazaqstan телеарнасы

Алматыдағы Qazaqstan ұлттық телеарнасының жаңа медиакешенінде Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында ұлттық теледебат өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Теледебат барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ көрермендердің әлеуметтік желілер арқылы жолдаған сауалдарын қабылдайтын Арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді.

Пікірсайыс 29 шілде сағат 19:25-те Qazaqstan телеарнасынан және ресми әлеуметтік желідегі парақшалардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, 23 тамызда сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар үйде дауыс бере алады.