Қазақстан бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Ерзат Байқадамовтың жеке мұрағатынан

6-8 наурыз күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы:
 1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
 2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
 3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)

Айта кетейік, құсбегіліктен I әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

Еске сала кетсек, былтыр қарашай айында Абай облысында республикалық құсбегілер турнирі өтті.