Қазақстан ауыр атлеттері Қырғызстанда төрт алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 15:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан ауыр атлеттері Қырғызстанда төрт алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың қоржынында төрт алтын және бір күміс жүлде бар.

Ақмолда Сайрамкез (65 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Сания Орманбаева (86 келіге дейін), Ақерке Байманап (86 келіден жоғары) жарыста алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал Марта Давлетиярова (77 келіге дейін) жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін астаналық көркем гимнасшы Ақмарал Ерекешева жылдың үздік жас спортшысы атанған болатын.