Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

15 ақпан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.