Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президентін қарсы алды

27 ақпан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президентін қарсы алды
Фото: akorda.kz

Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.