Референдум-2026

Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланды

Бүгін, 10:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланды
Фото: Үкімет

Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу барысы 61,4%-ға жетті, ал негізгі жабдықты жеткізу 98%-ға аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, құрылыс алаңында тәулік бойы 1775 жұмысшы мен 314 бірлік арнайы техника жұмылдырылған, бұл 2026 жылдың соңына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ұлттық компания басқа да ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу бойынша базалық жобалау 100%-ға, инженерлік іздестіру 98%-ға орындалды, ал жобалаудың жалпы дайындығы 35,56%-ды құрайды.

Жабдыққа тапсырыс қазірдің өзінде орналастырылған, құбырлардың бірінші партиясы ҚХР шекарасында тұр. Тамыздың басында жол жиегінде құбырларды төсеу басталады. Тамыздың ортасында құбырларды дәнекерлеу және орнату жұмыстары жүргізіледі. Газ айдау қондырғыларының бірінші партиясы өндіруші зауыттан қыркүйекте алынады.

«Қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын Қашаған ГӨЗ салу жобасының ЕРС мердігері анықталды. FEED+EPC келісімге биыл жылдың төртінші тоқсанында қол қою жоспарлануда», - деп атап өтті Әлібек Жамауов.