06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қарағандыда 300 төсектік жаңа университеттік клиника салынады

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қарағандыда 300 төсектік жаңа университеттік клиника салынады

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл халықаралық концессиялық модель бойынша салынып жатқан Қазақстандағы алғашқы университеттік аурухана болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Клиника Қарағанды медицина университетінің базасында құрылады. Білім беру, ғылыми және клиникалық қызметті біріктіре отырып, ол медицина кадрларын даярлау және денсаулық сақтауда инновацияларды енгізу үшін заманауи платформа болады. Жыл сайын оның инфрақұрылымына 9 мыңнан астам студент қол жеткізе алады.

 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова университеттік аурухананың құрылысы медициналық білім беруді дамытудағы және халыққа көмек көрсету сапасын арттырудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

«Қарағандыдағы университеттік аурухананың жобасы бірегей алаңға айналады. Ол кадрлық әлеуетті нығайтады және өңірде сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады», - деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗