ҚР Президентінің телерадиокешені талантты мобилографтар арасында байқау өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.
Байқауға қатысушылар «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы трендке сай видео түсіріп, өз парақшасында жариялауы керек.
«Егер сіз креативті болсаңыз, телефонға, камераға және дронға кәсіби видео түсіріп, оны жылдам әрі сапалы монтаждау өнеріне ие болсаңыз, онда бұл байқау сізге арналған», - делінген хабарламада.
Жұмыстар 29 тамызға дейін қабылданады.