06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президентке Маңғыстаудағы инвестициялық жобалар таныстырылды

|
Photo: Фото: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президентке Маңғыстаудағы инвестициялық жобалар таныстырылды

|
Photo: Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірдегі  ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді. 

Құны  36 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 трлн теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗