Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
27 қараша, 2025
akorda.kz
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Саммитке Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
16 қыркүйек, 2026
Ерлан Қарин ішкі саясаттағы үш басым бағытты нақтылап берді
16 қыркүйек, 2026
Тоқаев: Қазақстан Кореямен AI мамандарын даярлау бағдарламасын іске қосуға дайын
16 қыркүйек, 2026
Президент Корея компанияларын жаңа мұнай-газ өндірістерін ашуға шақырды