Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

9 маусым, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.