Президент Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Бүгін, 08:36
Думан Аманжол Думан Аманжол
Президент Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілетме жасап.

– Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, – делінген құттықтауда.

Еске салсақ, Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.