Павлодарда ақпан айының ортасында жоғалып кеткен ер адамның қайда екені туралы әлі күнге дейін ешқандай дерек түскен жоқ, деп хабарлады Elordainfo.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
VITA еріктілер тобының мәліметінше, 48 жастағы қала тұрғыны Абылқайыр Орумбаевты іздеу жалғасып жатыр.
Белгілі болғандай, ол соңғы рет Павлодардағы Қарағанды көшесі, 1 мекенжайы маңында көрінген.
«Жоғалған адамның белгілері: бойы шамамен 165 см, дене бітімі орташа, көзі ашық сұр, басы тақырланған. Үстінде қара күртеше, қара бас киім және қара кроссовка үлгісіндегі аяқ киім болған», – делінген хабарламада.
Еріктілер мен полиция тұрғындардан кез келген деректі хабарлауды сұрайды. Ақпарат иелері +7 777 334 82 01 (Катерина), +7 747 615 55 68 (Светлана) нөмірлеріне немесе 102 арқылы полицияға хабарласа алады.
Іздеу тобы павлодарлықтарды жоғалған азамат туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, іздестіру шараларына көмектесуге шақырады.