Франция полициясына Париждегі Олимпиада ойындары кезінде сағыз шайнауға тыйым салынды
19 тамыз, 2024
коллаж Elorda.info
Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы Жеральд Дарманен Париж полиция департаментінің шенеуніктеріне арналған брифингте Париждегі Олимпиада ойындары кезінде полиция мен жандармдардан үлгілі тәртіпті талап етті, деп хабарлады Elorda.info.
La Voix Du Nord басылымының пікірінше, мұндай тыйымдар елдің имиджін сақтау үшін қажет. Сондай-ақ қызмет кезінде ұялы телефондарды қарауға тыйым салынады.
«Бәріміз маңызды сәтті бастан өткеріп жатырмыз. Сыпайы болудан және күлімдеуден тартынбаңыз. Бүкіл әлем бізді бақылап отырады», - деді Джеральд Дарманен.
Сонымен қатар, 18 шілдеден бастап Парижде Олимпиаданың ашылу салтанатының антитеррорлық периметрі іске қосылатыны белгілі болды. Қауіпсіздік үшін ондаған мың полиция мен жеке күзетшілер жұмылдырылады.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды
1 мамыр, 2026
Роберт Мшвидобадзе: Қазақстан спортшылары демалғысы келмейді
30 сәуір, 2026
Қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Кореядағы Гран-приде бақ сынайды