Қостанайда әйел күйеуімен ренжісіп, орманда адасып кетті
30 тамыз, 2024
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қостанай құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 тамыз күні түнде құтқарушылар Әулиекөл ауданына қарасты Бағаналы ауылына жақын маңда жоғалып кеткен әйелді іздеуге кіріскен.
"Күйеуімен болған жанжал нәтижесінде 1981 жылы туған әйел орманға кетіп, адасып кетті. Іздеуге Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары, іздестіру иттері мен тікұшақ жұмылдырылды. Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты. Құтқарылған адам медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Астанада Еңбек күніне арналған челлендж басталды
27 қыркүйек, 2026
Астаналық оқушылар Еңбек күнін ерекше флешмобпен атап өтті
27 қыркүйек, 2026
«Еңбек келбеті»: Астанада еңбек адамдарына арналған фотокөрме өтті
26 қыркүйек, 2026
«Таза Қазақстан»: «Нұра» ауданында 400-ге жуық ағаш отырғызылды