Өндірістегі жарақаттану бойынша ШҚО көш бастап тұр

Бүгін, 21:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Өндірістегі жарақаттану бойынша ШҚО көш бастап тұр
Фото: magnific.com

Елімізде 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жарақаттану деңгейі 5,8%-ға төмендеген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша өткен жылы өндірісте 2 328 жазатайым оқиға болған. Ал өндірістегі жарақаттанудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысы. 2025 жылы онда 287 жазатайым оқиға болып, жалпы көрсеткіштің 12,3% құрады. Екінші орында Қарағанды облысы тұр, онда өндірісте 277 адам зардап шегіп, жалпы жазатайым оқиғалардың 11,9% құрады.

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (255 адам), тау-кен өнеркәсібінде (130 адам) және құрылыста (18 адам) тіркелген. 

Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар қатарында дорсалгия (116 адам), сондай-ақ бел және басқа бөлімдердегі омыртқааралық дискілердің зақымдануы радикулопатиямен (183 адам) анықталды.

Жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендердің басым бөлігі 30-45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар болған.