Әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады
16 қыркүйек, 2024
Фото: Elordainfo.kz
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне су жаңа көлік сыйға тартты. Әнші қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мөлдір Әуелбекова тосынсый жасау үшін әкесін үйіне тамаққа шақырған.
«Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады. Себебі мен әкеме кезекті жаңа көлігін сыйлаймын. Бұл себепсіз сыйлық, ол әлі ештеңе білмейді. Қазір үйге қонаққа тамаққа шақырдым», - дейді әнші видеода.
Көп ұзамай өнер иесі әкесіне көлік кілтін табыстайды.
«Осылай әрқайсыңызға себепсіз ата-аналарыңызды қуанту бұйырсын. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, 2-3 жыл сайын жаңартамыз», - деп түйіндеді М.Әуелбекова.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты