«Мен күтпеген сыйлық»: Жахан Отарғалиев әйелі берген сыйлыққа жылап қалды
30 мамыр, 2025
Фото: видеодан скриншот
Танымал актер, кинопродюсер Жахан Отарғалиевке әйелі тосынсый жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл сәтті әзілкеш өзі Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада оның жары қобалжып тұрғанын көруге болады.
«Әрдайым сен мені қуантушы едің, енді сені қуантар кез – менікі», – дейді ол видеода.
Күйеуіне ерекше сый ретінде үлкен қажылық сапарын тарту еткен. Бұл күтпеген сыйлық Жаханды қатты тебірентіп, жылатты.
Желі қолданушылары бұл сыйлықты жоғары бағалап, түрлі пікір білдірді. Алайда кейбірі алғашында басқа жаңалық күттік деп жазған.
«Аяғы ауыр деп ойлап қалдым», «Екі «полоска» күткендер біргеміз», «Мұндай сыйдан артық не керек?!», «Алла бәрімізді осындай сүйінші жаңалықпен қуантсын» деп жазды көпшілік.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты