Референдум-2026

Мемлекет басшысы автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін, 15:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
Фото: akorda.kz

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Олар ЖИ үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау сайыстарында бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қазақстан жаңа технологияларды енгізу бойынша Орталық Азияда көш бастап тұрғанын айтты.