Қазақстанда жылдық инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады

Бүгін, 15:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда жылдық инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады
Фото: magnific.com

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастыруда. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.  

Оның айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі себеп болған. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. 

«Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып саналады. Инфляцияның баяулауы аясында осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті», - деді вице-премьер.