Ел экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті

Бүгін, 14:13
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ел экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биылғы жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті.

«Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды», - делінген хабарламада.

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді.

ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.