Елімізде 2026 жылдың 9 айында теміржол көлігімен көмір тасымалдау көлемі 77,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға көп, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 25 млн тонна экспортқа жөнелтілсе, 51 млн тоннадан астамы ел ішінде тасымалданды.
Жаңа жылыту маусымына дайындық басталғалы, ағымдағы жылдың 1 мамыры мен 30 қыркүйегі аралығында республика бойынша 28,1 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл көлем өткен жылғы тиісті кезеңдегі көрсеткішпен бірдей. Оның ішінде 25,8 млн тонна көмір жылу электр орталықтарына, 2,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жөнелтілді.
Еске салайық, бұған дейін қатты аязда Астанадағы 2-ЖЭО-да тәулігіне қанша көмір жағылатыны туралы маман сұхбатын жарияладық.