08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ҰҚК Астанаға есірткі жеткізбек болған қазақстандықты ұстады

|
Photo: Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

ҰҚК Астанаға есірткі жеткізбек болған қазақстандықты ұстады

|
Photo: Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Есірткі тасымалдау кезінде "наркокурьер" ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді.

Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген.

Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін 13 келі марихуананы заңсыз сақтаған қазақстандық Ресейден экстрадицияланғанын жазған едік. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗