06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін бе

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін бе

|
Photo: Фото: freepik.com

Қазақстандық азаматтар сәуір айында Бали аралында ұсталған. Олардың қолынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл фактіні растады.

Аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыста. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында тұр, – деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрі Әлібек Бақаев Сенат кулуарында дипломаттардың Индонезия соты қазақстандықтардың әрекеті бойынша қандай шешім шығаратынын күтетінін айтты. 

Бүгінгі таңда ол екі отандасымыз туралы ресми ақпарат бар. Индонезия тарабы қандай шешім қабылдайтынын күтеміз. Сот шешімі шыққаннан кейін, соның нәтижесі бойынша жұмыс жүргіземіз, — деді министр орынбасары.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗