Газдандыру бойынша қай өңірлер көш бастап тұр

Газдандыру бойынша қай өңірлер көш бастап тұр
Фото: Энергетика министрлігі

Еліміздің батыс өңірлерінде, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында газдандыру деңгейі 90%-дан асады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстары және Жетісу облысында газдандыру деңгейі – 60-90%-ға дейін жеткен. Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында газдандыру деңгейі 60%-дан төмен.

«Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға бөлінген 27,3 млрд теңгені ескере отырып, газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізу немесе 32 мың адамның табиғи газға қол жеткізуі жоспарланып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ тұтыну көлемі 21,3 млрд текше метрді құрады. Ағымдағы жылға арналған тұтыну болжамы – 22,3 млрд текше метр», - деді спикер.

Еске сала кетсек, былтыр 94 елдімекен табиғи газға қол жеткізді.