Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 6 және 7 маусым күндері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде елдің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады», делінеді хабарламада.
Іс-шара 6 және 7 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Еск салсақ, елордада 7 маусым күні Astana Half Marathon кезінде бірқатар көше жабылады.