Елордалық балуандар қазақ күресінен ел чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарды
Петропавл қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Елордалық балуандар жарысты жоғары деңгейде өткізіп, 155 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Чемпионат қорытындысы бойынша Астана құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, түйе балуан бәсекесінде Мейіржан Сламшайықов (+100 келі) күміс жүлдеге, ал Жасұлан Халхабаев (+100 келі) қола медальға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Алтын медаль иегерлері:
• 60 келі – Нұрымқожа Алдаберген;
• 66 келі – Жанат Ерсаян.
Күміс жүлдегерлер:
• +100 келі – Жасұлан Халхабаев;
• Түйе балуан (+100 келі) – Мейіржан Сламшайықов.
Қола жүлдегерлер:
• 52 келі – Сапаргүл Мұхтарова;
• 60 келі – Диас Дәулет;
• +77 келі – Аңсаған Кашкеева;
• 100 келі – Мейіржан Сламшайықов;
• Түйе балуан (+100 келі) – Жасұлан Халхабаев.