Елордалық балуан Марлан Мұқашев қола жүлдегер атанды

2 наурыз, 2026
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордалық балуан Марлан Мұқашев қола жүлдегер атанды
Фото: United World Wrestling

Албания астанасы Тирана қаласында өткен Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында Қазақстан грек-рим күресі құрамасының өкілі, елордалық балуан Марлан Мұқашев (55 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда жерлесіміз Үндістан спортшысы Вишваджит Моремен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Марлан соңғы шешуші әрекеті арқылы есепті 12:12-ге теңестіріп, ереже бойынша соңғы нәтижелі қимыл артықшылығымен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз беделді халықаралық рейтингтік турнирдің қола медалін иеленді.