Елордалық сәнқой әжелер халықаралық байқауда өнер көрсетті

Бүгін, 11:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордалық сәнқой әжелер халықаралық байқауда өнер көрсетті
Фото: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Kerbez models» шығармашылық тобы халықаралық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, қатысушылардың таланты мен ұлттық мәдениеттің сұлулығын паш етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қытайда өткен халықаралық байқауда топ мүшелері алтын жүлдеге ие болды. Әрбір модель жеке марапатқа ие болып, өз өнерінің лайықты бағасын алды.

​​​​​​​​​​​​​​​Сонымен қатар, ұжым Мәскеу қаласында өткен «Этно-Эрато» ұлттық киімнің жоғары сәніне арналған Еуразиялық байқауға қатысты. «Үздік сахналық костюм» номинациясында «Қоржын ашу» (мерекелік сыйлықтар) атты қазақтың ұлттық дәстүрін сахналап, II орынға ие болды.

«Kerbez models» шығармашылық тобының жетекшісі — Баян Тойғанбаева.
Халықаралық байқауларға қатысу — ұлттық дәстүрлердің байлығын танытуға, шығармашылық әлеуетті ашуға және сұлулықтың, белсенділіктің, жаңа жетістіктерге ұмтылыстың жасқа қарамайтынын көрсетуге мүмкіндік береді.