Елордада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

9 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Маңызды республикалық жарыс 9 қаңтарда басталады.

Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.

Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Аталған чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.

Бұған дейін Астанадағы «Алау» мұз сарайында шорт-трекшілер Милан-2026 қысқы Олимпиадасына дайындық мақсатында ашық жаттығу өткізген болатын.