06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің отырысына байланысты бірқатар көше жабылады

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің отырысына байланысты бірқатар көше жабылады

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылдың 16-18 маусымы аралығында Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. 17 маусым күні елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы іс-шараға байланысты елордада 16-18 маусым аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Жол қозғалысы мына учаскелерде тоқтатылады:

  • Қабанбай батыр даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін;
  • Мәңгілік Ел даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Д.Қонаев көшесіне дейін;
  • Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық;
  • Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 17 маусым күні мына көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі:

  • Керей-Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін;
  • Тәуелсіздік даңғылы – Керей-Жәнібек хандар көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін.

Бұған қоса, 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ. Аманжолов және Ж.Нәжімеденов көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗