Референдум-2026

Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді

Бүгін, 16:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді
Фото: видеодан скрин/police_astana

Астанада республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.

Полиция қызметкерлері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.

Негізгі назар қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет етуге аударылуда.

«ЖПІШ аясында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Haval маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатты.

Көлік тізгінінде 28 жастағы жүргізуші болған.

Тексеру нәтижесінде оның бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Астана полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген ережелерді сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және қауіпсіздікке қатер төнген немесе қандай да бір оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінен дереу көмек сұрауға шақырады.

Еске сала кетейік, полиция көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған елордалыққа айыппұл салды.